Қабылдау телефон нөмірі
QAZAQ RADIOSY толқынында өткен «Заң және тәртіп: сот жүйесіндегі реформалар» бағдарламасының тікелей эфирінде филос.ғ.д., Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Бурбаев Төлеуғали Қайыржановичпен сұхбат өтті.
Сұхбат барысында профессор Бурбаев Т.Қ. қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, құқық үстемдігі қағидаттарын нығайту, сондай-ақ кәсіби судья кадрларын даярлау және қоғамда құқықтық сана қалыптастырудағы Сот төрелігі академиясының рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.
Бағдарлама жүргізушісі — Азамат Жомартұлы.
Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде қолжетімді:
https://www.youtube.com/live/GcOzSMmVedw?si=KNLceuis9yVx5RRe