
2026 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу қызметіне және Академияны дамытудың стратегиялық жоспарларын іске асыруға қатысты мәселелердің кең ауқымы қаралды.
Күн тәртібі шеңберінде Ғылыми кеңестің мүшелері сот жүйесі саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи бағыттарын ескере отырып қалыптастырылған магистрлік жобалар мен диссертациялардың тақырыптарын бекітті. Сондай-ақ, Академияның Ғылыми кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Сонымен қатар келесі негізгі бағыттар бойынша ақпараттарды тыңдады: ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметін 2027 жылға дейін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы; ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттардың кәсіби практикадан өту қорытындылары; ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттардың педагогикалық практикадан өту барысы (2025 жылғы қабылдау); судья лауазымына біліктілік емтиханының нәтижелері.