Қабылдау телефон нөмірі
Сот төрелігі академиясы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. Академияның тұрақты серіктестерінің бірі – Германияның Висмар қаласындағы Қолданбалы ғылымдар университетіндегі Шығыс Висмар институты (Ostinstitut/Wismar).
11 сәуірде Висмар қаласының қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Дмитрий Олейник Академия магистранттарына «Заң әдісі: арақатынас техникасы» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Сондай-ақ, профессор Дмитрий Олейниктің сапарының мақсаты «Германияның Әкімшілік – рәсімдік және әкімшілік-процестік құқығының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша магистранттарға онлайн тағылымдамадан өткендігі туралы сертификаттарды тапсыру болды.