




Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында магистранттарға арналған заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Есберген Оразович Алаухановтың қатысуымен қонақ дәрісі өтті.
Іс-шараны Академия ректоры Қанат Қалқаманұлы Мусин ашты, ол құттықтау сөз сөйлеп, болашақ судьялардың кәсіби даярлығының сапасын арттыру үшін заң ғылымы мен практикасының көрнекті өкілдерімен кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Қонақ дәріс барысында Есберген Оразұлы көп жылдық кәсіби және ғылыми тәжірибесімен бөлісті, заманауи сот жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін қозғады, сондай-ақ судьяның жауапкершілігі, кәсіпқойлық және сот мамандығының өкілдеріне қажетті жоғары адамгершілік қасиеттер мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Дәріс ашық диалог форматында өтті. Магистранттар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында Есберген Оразұлы Академия магистранттарына өзінің ғылыми еңбектерін сыйға тартты.
Магистранттар профессорға мазмұнды және шабыттандыратын дәрісі үшін алғыс білдіріп, оның практикалық құндылығын атап өтті.
Сот төрелігі академиясында қонақтардың дәрістері тұрақты негізде өткізіледі. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов ұсынған бастама болашақ судьяларды кәсіби даярлауға жаңартылған тәсілдің бір бөлігі және Сот төрелігі академиясының магистранттарын даярлауды жетілдірудегі маңызды қадам болды.