

2026 жылғы 06 қазанда PhD докторы, Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті Азамат Ерланұлы Нұртанның «Ғылыми-құқықтық зерттеулердің әдіснамасы және оларды жобалау» пәні бойынша «Ғылыми-құқықтық зерттеу тақырыбын тұжырымдау. Дереккөздерді іздеу және таңдау» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Ашық сабақ барысында оқытушы заманауи талаптарға сай зарттеу тақырыбын тұжырымдау ережелерін ашып, зерттеу тақырыбының өзектілігін тексерудің алгоритмін талдап, сондай-ақ, дереккөздерді іздеуге арналған қорлармен жұмыс істеуді үйретті. Магистранттардың белсенді қатысуымен зерттеу тақырыптарын тұжырымдау кезінде жиі жіберілетін қателіктерді талдады.
Азамат Ерланұлы зерттеу жұмыстарымен 15 жылдан астам уақыт бойы айналысып, осы саладағы құзыреттілігін үздіксіз арттырып отырады.
© Академия правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан, 2024