на международном конкурсе



Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы құқық тәртібі саласындағы үздік заң әдебиетіне арналған «Legal Order» халықаралық байқауының қорытындысын жариялады.
Байқаудың мақсаты ғылыми зерттеулерді жан-жақты қолдау, заманауи заң ғылымының дамуын ынталандыру, сондай-ақ озық ғылыми әзірлемелерді құқық қолдану және құқық қорғау практикасына белсенді түрде енгізу болды. Ұсынылған еңбектер қатаң конкурстық іріктеуден өтіп, ғылыми жаңалығы, зерттеудің тереңдігі, өзектілігі және құқықтық жүйе үшін практикалық маңыздылығы сияқты өлшемдер бойынша беделді сарапшылар комиссиясының бағалауына ұсынылды. Ауқымды зияткерлік байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь елдерінің жетекші ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы мен авторлары қатысты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің авторлары арасында жоғары бәсекелестік жағдайында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының оқытушылары ғылыми-әдістемелік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, бірден бірнеше негізгі номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.
«Үздік оқу құралы» номинациясы – I орын
Байқау жеңімпаздары ретінде Сот төрелігі академиясының оқытушылары Е.О. Егембердиев пен Р.Р. Сұлтановтың «Татуластыру рәсімдері» атты еңбегі танылды.
Аталған еңбекте дауларды баламалы шешудің өзекті мәселелері, жанжалдарды соттан тыс реттеу және медиация институттарын дамыту мәселелері терең талданған. Оқу құралының практикалық маңыздылығы сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға, сот арқылы қорғалудың тиімділігін арттыруға және қоғамдағы келісім институттарын нығайтуға бағытталуымен айқындалады.
«Үздік оқу-әдістемелік құрал» номинациясы – II орын
Құрметті екінші орын авторлар ұжымының құрамында «Құқықтық пәндер бойынша кешенді кейстер жинағы» атты еңбекті әзірлеуге қатысқан А.А. Биебаеваға, Е.О. Егембердиевке, К.К. Мусинге, Т.С. Нурышеваға берілді.
Аталған жұмыс оқытудың инновациялық, практикалық бағдарланған әдістерін енгізуге, құқық қолдану дағдыларын жетілдіруге, нақты құқықтық жағдайларды талдауға және сот жүйесі үшін білікті кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Байқау комиссиясы Сот төрелігі академиясы ұсынған еңбектердің жоғары практикалық маңыздылығын, ғылыми негізділігін және зерттеу нәтижелерін сот төрелігі мен құқық тәртібін қамтамасыз ету органдарының қызметінде тікелей қолдану мүмкіндігін ерекше атап өтті.
Қол жеткізілген нәтижелер Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының заманауи заң білімінің стандарттарын қалыптастыратын және ұлттық құқықтық ойдың дамуына елеулі үлес қосатын жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі беделін тағы бір мәрте растады.