Сот төрелігі академиясының магистранты Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияда III орын алды

14 қарашада Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің заң факультетінде «Әкімшілік құқық ғылымының өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға оқытушылар, аспиранттар, магистранттар мен студенттер қатысып, әкімшілік құқық теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранты Ақбота Бадамбай «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасындағы әкімшілік акт ұғымы: салыстырмалы-құқықтық талдау» тақырыбында ғылыми мақала ұсынды. Зерттеуде әкімшілік әділеттің негізгі категорияларының бірі – әкімшілік акт ұғымы екі мемлекеттің заңнамасы негізінде салыстырмалы-құқықтық тұрғыда талданды.

Ғылыми жұмыс жоғары бағаланып, магистрант III орын дипломымен марапатталды.

Халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу магистранттарға зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және отандық құқық ғылымының жетістіктерін таныстыруға мүмкіндік береді.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдау – Академияның білім беру стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024