Сот төрелігі академиясының магистранты педагогикалық практика аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да ашық сабақ өткізді

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалған болатын. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, Сот төрелігі академиясының ғылыми-педагогикалық бағыттағы алғаш қабылданған магистранттары қазіргі уақытта серіктес жоғары оқу орнының заң факультетінде педагогикалық практикадан өтуде.

Педагогикалық практика бағдарламасында магистранттардың бакалавриаттың оқу пәндері бойынша ашық сабақ өткізуі көзделген. 2026 жылғы 18 қарашада Сот төрелігі академиясының магистранты Ақбота Бадамбайдың ашық практикалық сабағы өтті. 2-курс студенттеріне «Әкімшілік рәсімдік-процестік құқық» пәні бойынша жүргізілген сабақ «Әкімшілік акт: түсінігі, түрлері, заңдылығы және күшін жою» тақырыбына арналды.

Ашық сабаққа екі жетекші жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты:

— Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінен: Ж.И. Ибрагимов, Е.С. Жамбаев, Е.А. Наурызбаев, А.А. Искакова;

— ҚР ЖСК жанындағы Сот төрелігі академиясынан: М.Д. Есекешева, Т.С. Нурышева, А.А. Биебаева.

Теориялық материалды практикалық тапсырмалармен ұтымды ұштастыру магистранттың сабақты мазмұнды әрі білім алушыларды белсенді тартуға және алған білімді кәсіби тұрғыда қолдануға бағыттап құруға деген ұмтылысын көрсетті. Мұндай тәсіл теориялық дайындық пен оқу тақырыбын практикалық тұрғыда меңгеру арасындағы заңды байланысты қамтамасыз етті.

Ашық сабақ барысында студенттер оқу карточкаларының көмегімен интерактивті форматта сабақ тақырыбы бойынша сегіз құқықтық жағдаятты талдады. Магистрант әзірлеген «Г. Ахметова Тұрғын үй қатынастары бөліміне қарсы» оқу кейсі бойынша сот отырысының рөлдік симуляциясы өткізіліп, онда студенттер судья, талап қоюшы, жауапкер және сарапшылардың процестік рөлдерін сомдады. Ұсынылған материалды бекіту тестілеу және «3-2-1» әдісі бойынша рефлексия арқылы жүзеге асырылды, бұл болса тақырыпты меңгеру деңгейін бағалауға, алынған білімді жүйелеуге және аудиториямен кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Өткізілген ашық сабақтың қорытындысы бойынша магистрант аға буын әріптестерінен оқыту әдістемесін жетілдіру, педагогикалық дағдыларды одан әрі дамыту және оқу процесін ұйымдастыру тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар алды.

Сот төрелігі академиясы магистранттардың кәсіби қалыптасуына және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін ашық сабақ өткізуге мүмкіндік бергені, қонақжайлылығы мен қолдауы үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға шынайы ризашылығын білдіреді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024