Сот төрелігі академиясының профессоры «Atameken Business» телеарнасында «Заң сөйледі» бағдарламасының сарапшысы болды

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ержан Ошақбайұлы Егембердиев «Адам – жоғары құндылық» тақырыбындағы «Atameken Business» телеарнасында «Заң сөйлейді» бағдарламасына сарапшы ретінде қатысты.

Бағдарлама барысында Негізгі Заңда бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтарды іске асыру тетіктері, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау тәсілдері, сондай-ақ құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Конституцияның рөлі қаралды.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктеріне, мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігіне, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы халықтың құқықтық сауаттылығының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Сараптамалық пікірталас шеңберінде азаматтардың құқықтары мен міндеттері арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің және әрқайсысының өзінің азаматтық және құқықтық міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы атап өтілді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024