Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Сот төрелігі академиясының ректордің міндетін атқарушы Мусин К.К. және Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Сембекова Б.Р. магистратураға оқуға қабылдау ережелерін түсіндірді.
Спикерлер ғылыми-білім беру үдерісінің сот кадрларын даярлауға бағытталғанына ерекше назар аударды. Дайындық екі білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады: 7М04202 – «Сот және сот төрелігі» (профильдік бағыт, оқу ұзақтығы – 1 жыл), 7М04201 – «Сот және сот төрелігі» (ғылыми-педагогикалық бағыт, оқу ұзақтығы – 2 жыл)..Оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында да, сондай-ақ талапкердің жеке қаражаты есебінен де мүмкін екені айтылды.
Сонымен қатар, баяндаушылар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 60 оқу орны бөлінгенін хабарлады. Оның 58-і – профильдік бағыттағы магистратураға, ал 2-еуі – ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға арналған. Сонымен қатар, талапкерлердің жеке қаражаты есебінен 47 орын – профильдік бағытқа, 8 орын – ғылыми-педагогикалық бағытқа бөлінгені айтып кетті.
Академияға түсушілерге қойылатын талаптар мен оқу шарттары түсіндірілді.