
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында «Сот жүйесі үшін кадрлар даярлау ерекшеліктері» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Іс-шараның спикерлері – Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры К.К. Мусин, Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Р.Р. Сұлтанов және Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Т.С. Нұрышева болды.
Сөз сөйлеушілер сот білімінің мақсаты кәсіби білікті, адамгершілігі жоғары, әділ шешім қабылдай алатын судьяларды даярлау болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, заманауи судья тек терең құқықтық білімге ғана емес, сонымен бірге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып отырған қазіргі жағдайда жұмыс істеуге қажетті цифрлық дағдыларға ие болуы. Сондай-ақ, спикерлер Академия білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға бейімдей отырып, сот жүйесінің болашақ өкілдерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін белсенді түрде жалғастыруда айтты.
Қатысушылар тікелей эфирде сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Эфир жазбасын мына сілтеме арқылы тыңдауға болады: https://www.instagram.com/reel/DeJiAfyigI2/?exln=cWg5cnRxcGZzdXcy