
«Заң» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы құқық академиясының профессоры Е.О. Егембердиевтің «Судьяны судья оқытады: Сот төрелігі академиясының он жылдық даму жолы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Басылымда сот төрелігі академиясының он жылдық қызметіндегі дамуының негізгі кезеңдері баяндалған. 2024 жылғы 15 шілдеде оқу орнын Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беруден басталған Академияның институционалдық дамуының жаңа кезеңіне ерекше назар аударылды.
Мақалада Академия қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде «судьялар судьяларды оқытады» қағидатына негізделген білім беру моделі, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу және ғылыми әлеуетті дамыту көрсетілген.
Бұдан басқа, Академияның Германия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің бейінді сот және білім беру мекемелерімен халықаралық ынтымақтастығын кеңейту нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ Академияның сот-құқықтық білім берудің түркі желісінің қызметіне қатысуы жарияланды.
Мақаланың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады: https://zanmedia.kz/sudyany-sudya-o%d2%9bytady-sot-t%d3%a9religi-ak/163798/