Жоғары Сот Кеңесінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінде Дмитрий Малаховтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аппараттық кеңес өтті.

Кеңестің ашылуында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы ауқымды саяси өзгерістер кезеңінде және ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы тұсында жарияланған бағдарламалық құжаттың стратегиялық маңызын атап өтті.

Кеңес барысында Жолдаудың негізгі бағыты экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардың басым бағыттарын қамтитын мемлекетті жаңғыртуға негізделгені атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистикалық әлеуетті кеңейту, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды белсенді енгізу және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі міндеттерін қарастырды.

Кеңес барысында Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша Сот төрелігі академиясының өкілдері – Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Руслан Сұлтанов пен профессор Ержан Егембердиев баяндама жасады.

Талқылауды қорытындылай келе, Дмитрий Малахов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту мақсатында судьялар корпусын сапалы қалыптастыру және судьялардың тәуелсіздігіне кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты талап ететінін атап өтті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024