Жоғары Сот Кеңесінің Ақмола облысының судьялар қауымдастығымен кездесу өткізді

Ақмола облыстық сотында судьялар корпусын қалыптастыру, кадр саясаты және конкурстық рәсімдердің ашықтығын арттыру мәселелеріне арналған кезекті көшпелі кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Е.Ж. Айтжанов және Қ.Е. Қасабулатов, Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры, профессоры Р.Р. Сұлтанов, сондай-ақ өңірдегі судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Раджаб Даминов алғы сөзінде соттарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету конкурстық іріктеу рәсімдері мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпараттың ашықтығына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Кездесу барысында Кеңес мүшесі Ерлан Айтжанов Жоғары Сот Кеңесінің қызметі, оның мемлекеттік кадр саясатын іске асырудағы рөлі, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік және судьялық әдепті сақтау мәселелері туралы айтты. Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі, кандидаттарды бағалау критерийлері және кадр резервін қалыптастыру ерекшеліктері туралы Кеңес мүшесі Кәкен Қасабулатов егжей-тегжейлі түсіндірді. Руслан Сұлтанов болашақ судьяларды даярлау және заманауи білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелерін атап өтті.

Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен қорытындыланды. Оның барысында қатысушылар конкурстарға қатысу және біліктілік іріктеуінен өту мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024