Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.М. Малаховтың мақаласы «Заң» республикалық газетінде жарияланды

«Заң» газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Сот төрелігі академиясы: сапалы іріктеу сапалы даярлықпен ұштасуы керек» атты авторлық мақаласы жарияланды.

Мақалада Кеңес Төрағасы судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық пайымын ұсынып, Сот төрелігі академиясын дамытудың басым бағыттарын және судья кадрларын кәсіби даярлауды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерін атап өтті.

Дмитрий Малаховтың Кеңес Төрағасы ретіндегі қызметінің негізгі бағыттарының бірі – кандидаттарды сапалы іріктеу оларды оқытумен және одан әрі кәсіби дамытумен тығыз байланысты болатын судья кадрларын даярлаудың біртұтас жүйесін қалыптастыру.

Осы стратегияны іске асыруда Сот төрелігі академиясы ерекше орын алады. Академияның дамуы Кеңес Төрағасының ұдайы назарында.

Академияның Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілуі судья кадрларын іріктеу, даярлау және кәсіби дамыту үдерістерін біріктіруге институционалдық негіз қалады. Дмитрий Малаховтың басшылығымен оқыту тәсілдерін жаңарту, оқытудың практикалық бағытын күшейту және кәсіби құзыреттерді бағалаудың заманауи құралдарын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Кеңес Төрағасы айқындаған перспективалы бағыттардың қатарында білім беру аналитикасын енгізу, оның ішінде оқу барысындағы ілгерілеуді бағалаудың қосымша құралы ретінде IQ-тестілеуді қолдану, сондай-ақ болашақ судьялардың цифрлық құзыреттерін дамыту және референдиат институтын жетілдіру бар.

Қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыру – Кеңес Төрағасы қызметінің жеке басым бағыты. 2025 жылдан бастап судьялардың жекелеген санаттарының кәсіби қажеттіліктерін ескеретін дараланған тақырыптық курстар енгізілді. Сонымен қатар күрделі санаттағы істерді терең зерделеу және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету үшін жоғары тұрған сот сатыларында практикалық сабақтар өткізу мүмкіндігі пысықталуда.

Кеңес Төрағасы Академияның ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға айрықша көңіл бөледі. Мақалада ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша докторантураның ашылғаны, Академияның ғылыми журналы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілгені, сондай-ақ Академияның ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өткені атап өтілді.

Жүргізіліп жатқан өзгерістердің жүйелі сипаты Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясының қызметін 2027 жылға дейін жетілдіру жоспарында бекітілген. Құжат Академияны судья кадрларын даярлаудың, олардың кәсіби дамуы мен ғылыми сүйемелденуінің ұлттық орталығы ретінде одан әрі дамытуды көздейді.

Бұл ретте Кеңес Төрағасының қағидаттық ұстанымы бойынша жүргізіліп жатқан өзгерістердің тиімділігі формалды көрсеткіштермен емес, судьялардың кәсіби құзыреттері мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасының іс жүзінде артуымен бағалануға тиіс.

Осылайша, Төраға айқындаған тәсілдер Жоғары Сот Кеңесі басшылығының судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін сапалы жаңарту жөніндегі дәйекті бағытын көрсетеді. Төрағаның басшылығымен жүргізіліп жатқан жұмыс Кеңестің конституциялық миссиясын іске асыруға, судья кадрларының кәсіби деңгейін арттыруға және қоғамның сот төрелігіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024