Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары талқыланды

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия бойынша басқармасы өкілдерінің қонақ дәрісі өтті.

Іс-шара аясында «Адам құқықтарын халықаралық қорғау: баспана, азаматтығы жоқтық және соттардың рөлі» тақырыбы талқыланды. Спикерлер ретінде БҰҰ БЖКБ Өкілдігіні қызметкерлері сөз сөйледі құқықтық қорғау бөлімінің басшысы Балжан Ошақбаева және құқықтық мәселелер жөніндегі бас сарапшы Мейрам Рахымбеков сөз сөйледі.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың тікелей қолдауы және басшылығымен жүзеге асырылып жатқан халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және сот жүйесі үшін кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды.

Кездесу барысында қатысушылар адам құқықтарын халықаралық қорғаудың өзекті мәселелерін, оның ішінде баспана беру рәсімдерін, азаматтығы жоқтықтың алдын алу және қысқарту жөніндегі шараларды, сондай-ақ осы саладағы негізгі халықаралық-құқықтық стандарттарды қарастырды.

Соттардың адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Сарапшылар қатысушыларға сот практикасынан өзекті мысалдар келтіріп, баспана беруге байланысты істерді, азаматтығы жоқ мәселелерді және халықаралық қорғаудың басқа да аспектілерін қараудың практикалық тәсілдерімен бөлісті.

Дәріс қорытындысы бойынша қатысушылар оның болашақ судьяларды кәсіби даярлау және сот практикасында адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын қолдану үшін практикалық маңыздылығын атап өтті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024