Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Л.С. Жакаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып тағайындалды

2026 жылғы 23 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Лейла Сұлтанқызы Жакаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып тағайындалды.

Лейла Сұлтанқызы – заң саласындағы белгілі маман, заң ғылымдарының докторы, профессор, айтарлықтай ғылыми және кәсіби тәжірибесі бар. Сот төрелігі академиясында жұмыс істеген жылдары Лейла Сұлтанқызы еліміздің сот жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға және біліктілігін арттыруға, сондай-ақ құқық саласындағы ғылыми қызметті дамытуға елеулі үлес қосты.

Ағымдағы жылдың көктемінде Л.С. Жакаева еліміздің дамуына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ұжымы Лейла Сұлтанқызын жоғары мемлекеттік тағайындалуымен құттықтайды және одан әрі кәсіби қызметінде табыс тілейді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024