
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қазандағы өкімі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Парламент палаталарының депутаттары, Саяси партиялар фракцияларының басшылары, мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ құқықтанушы ғалымдар кірді.
Аталған жұмыс тобының отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, заң ғылымдарының докторы Лейла Султановна Жакаева қатысады, ғылыми зерттеулердің негізгі саласы Қазіргі конституциялық құқық пен процестің теориясы мен практикасы болып табылады.