Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы жоғары білікті заңгер кадрларды даярлау жұмысын жандандыруда
Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы жоғары білікті заңгер кадрларды даярлау жұмысын жандандыруда
Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және оқытудың тәжірибеге бағдарланған тәсілін нығайтуға бағытталған магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын жетілдіру жұмысын жалғастыруда.
Ағымдағы оқу жылында білім алушылар құрамының сапалық тұрғыдан жақсарғаны байқалады. Бұған Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет өткізілген ауқымды кәсіптік бағдар беру науқаны ықпал етті.
Аталған жұмыс оқуға түсуге үміткерлердің ауқымын едәуір кеңейтіп, заң саласында нақты практикалық тәжірибесі бар мамандарды тартуға мүмкіндік берді.
Академиядағы білім беру процесі тәжірибеге бағытталған және сот төрелігі саласында тиімді жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар материалдық және іс жүргізу құқығын терең зерттейді, сот практикасын талдайды, сот актілерін дайындау дағдыларын меңгереді, сот процестерін модельдеуге қатысады және күрделі құқықтық жағдайларды талдайды.
Білім беру процесін үнемі жетілдіруге және мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізуге ерекше назар аударылады. Академияда магистратурадан докторантураға дейінгі кәсіптік білім берудің толық циклі құрылды. Білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологиялар мен платформалар енгізілуде, жеке криминалистикалық полигон құрылды.
Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құрамды қызметтегі судьялар мен жетекші құқықтанушы ғалымдарды тарту арқылы нығайту жұмысы жүргізілуде. Бұл заң ғылымын құқық қолдану практикасымен тиімді ұштастыруға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың өздері конкурстық іріктеудің ашықтығын, оқуға түсудің барлық кезеңдеріндегі талаптардың түсініктілігін, сондай-ақ кәсіби дамуға кең мүмкіндіктер жасалғанын атап өтуде.
Аталған шаралар Қазақстан Республикасының сот жүйесін кадрлық және ғылыми қамтамасыз етуге бағытталған Жоғары Сот Кеңесінің стратегиялық бастамаларын жүйелі іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда.
























