Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Е.А. Оңғарбаевтың қонақ дәрісі

2025 жылғы 24 ақпанда заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Еркін Ануарұлы Оңғарбаев Сот төрелігі академиясының магистранттары үшін «Конституциялық Сот және оның қылмыстық заңнама шеңберінде құқықтық ұстанымдары» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
Дәріс барысында Е.А. Оңғарбаев Еуропа елдері мен Америка Құрама Штаттары мысалында шет елдерде Конституциялық сот төрелігін дамыту мәселелерін және сот бақылауының ерекшеліктерін ашты. Сонымен қатар, дәріскердің басты назары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметі мен практикасы мәселелеріне аударылды.
Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. К.К. Мусин қонақ дәрісінің соңында Еркін Ануарұлына жемісті ынтымақтастығы және магистранттарға өткізілген ашық дәрісі үшін алғыс хат табыс етті.
Қонақ дәрістерін өткізу білім беру үдерісі барысында Сот төрелігі академиясы ұстанатын «судьялар судьяларды оқытады» қағидатын іске асыруға бағытталған.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024